29 Қазан 2024
Нұршуақ бөбекжай-балабақшамызда ата-аналарға арналып құрылған Консультациялық пункт жұмыс жоспарына сәйкес қазан айында педагог-психолог Ғ.Баймаханова ата-аналарға «Баланың балабақшаға бейімделуі» тақырыбында кеңес берді.
Т.Байназарова дене шынықтыру нұсқаушысы «Балалардың денсаулығын нығайтудағы және оларды салауатты өмір салтына баулудағы ата-аналардың рөлі» тақырыбында ата-аналармен жұмыс жүргізді.




28 Ақпан 2024
28 ақпан күні «Нұршуақ» бөбекжай балабақшасында мектепке дейінгі ұйымдарда қауіпсіз жағдайлар жасауға қойылатын талаптарды талдау негізінде қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету туралы жиналыс өткізілді.
2024 жылдың 28 ақпан күні «Нұршуақ» бөбекжай балабақшасында мектепке дейінгі ұйымдарда қауіпсіз жағдайлар жасауға қойылатын талаптарды талдау негізінде қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету туралы жиналыс өткізілді. Жиналысқа балабақша педагогтары және ата-аналар комитетінің төрайымы қатысты.
Ата-аналар комитеті Тілес Клара сөз алып, ата-аналар атынан б/б тәрбиешілері мен тығыз байланыста болу керектігін, артық зат әкелмеу, бала ауырып қалған жағдайда хабардар болуы, әр ата-ана баланың заңды өкілі екендігін сезінуі керек — деп өз сөзін аяқтады.
Ата-аналар үшін
16-06-2023
ӘЛЕУМЕТПЕН ЖҰМЫС
Мақсаты:
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесі алдында Модельді іске асыруда балаларды тәрбиелеу мен оқыту үшін жауапкершілікті жүзеге асыруда ата- аналарға көмек көрсету жолымен оларды педагогикалық процеске белсенді қатысушылар ретінде тарту.
Міндеттері:
1 Әр отбасымен әріптестік қарым- қатынас орнату;
2 Балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның күш- жігерін біріктіру;
3 Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиеленушілері мен педагогтері, ата- аналар арасында қарым- қатынасқа деген оң көзқараспен тілектестікті қолдау.
Ата-аналармен өзара ықпалдастық (АЫ)
№ | Өткізілу түрі | Мерзімі | Жауаптылар | |
1 | «Ашық есік!» күні | «Балапан» кіші тобы (Сейсенбі) «Ақкөгершін»ортаңғы тобы (Бейсенбі) | Жыл бойы | Әдіскер Тәрбиешілер |
2 | 1.Балабақшаның жаңа оқу жылында жүргізілетін іс-шара жоспарларымен таныстыру 2.Ата-аналар комитетін сайлау | Тренинг Баяндама | Қыркүйек | Әдіскер Педагог-психолог Медбике |
3 | 1.«Дұрыс тамақтанудың ережелері» «Балалар тамағының ұйымдастырылуы» 2.«Психолог кеңес береді» айдары | Баяндама Кеңес | Желтоқсан | Медбике Педагог-психолог |
4 | Балабақшаның жетістіктері жаңа оқу жылының атқарылған жұмыстарының қорытындысы 2.Ата-аналар комитеті төрайымының есебі. 3. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру | Есеп беру Баяндама | Мамыр | Әдіскер Медбике |