«Әке –көрген оқ жонар»

- Балабақшаішілік «Әке –көрген оқ жонар» атты әкелер сайысы Мақсаты: Балабақша мен ата-ана арасындағы байланысты нығайту. Отбасындағы әкенің рөлінің маңыздылығын түсіндіру.
Ана-сая болар бағың болса, әке-асқар тауың дейді қазақта. Әкені сыйлау, құрметтеу, оның отбасындағы орнын қадірлеп, қастерлеу кез-келген баланың борышы. Осы орайда балабақшамызда » Әке –көрген оқ жонар » атты әкелер сайысы өтті. Сайысқа әкелер жауапкершілікпен, белсенділікпен қатысты.