Бақшамызда қазақ тілі апталығы басталды! 🎉

“Қазақ тілі – ұлттық құндылық” атты алғашқы күнін өткіздік. Балаларға қазақ тілінің маңызын түсіндіріп, оның байлығын сезінуге мүмкіндік бердік.
📌 Сабақ барысында балалар өлеңдер оқып, тақпақтар айтты.
📌 Қазақ ертегілерінің кейіпкері Алдар Көсе қонаққа келіп, балалармен бірге қызықты ойын ойнады! Ол балаларға тақия әкеліп, “асық” ойының ойнатты. Балар Qr-кодты тауып, сұрақтарға жауап беруді үйретті.
Балалар сабаққа белсене қатысып, қазақ тілін құрметтеуге, оны дұрыс қолдануға деген ынтасын көрсетті. Осы апталықта әлі талай қызықты шаралар өтеді!
“Қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрлері” тақырыбында қызықты іс-шаралар өткіздік. Балалар ұлттық құндылықтармен танысып, ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрлердің маңызын түсінді.
🔹 Қазақтың ұлттық ойындары – “Арқан тарту” ойынын ойнап, шапшаңдық пен ұйымшылдықтарын сынады.
🔹 Қазақтың қолөнеріне деген қызығушылықты арттыру үшін балалар көрпеше тігіп үйренді.
🔹 Сонымен қатар, ұлттық киімдер мен ас мәзірі туралы қызықты әңгіме жүргізілді.
Балалар дәстүрімізді біліп қана қоймай, өздері белсенді түрде қатысып, тәжірибе жүзінде үйренді. Осындай шаралар арқылы кішкентай бүлдіршіндеріміздің бойына ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілік ұялатамыз!